Әскери колледжге 9 сыныпты бітірген, 15 жастан кіші емес және 17 жастан аспаған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды жастар конкурстық негізде қабылданады. Құжаттарды қабылдау — 1-20 тамыз аралығында.
Іріктеу кезеңдері
- Кәсіби-психологиялық іріктеу.
- Дәрігерлік комиссия (медициналық куәландыру).
- Дене дайындығын тексеру.
- Конкурстық іріктеу және қабылдау.
Қабылдау комиссиясына ұсынылатын құжаттар
- Белгіленген үлгідегі өтініш.
- Туу туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
- Негізгі орта білім туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме).
- Медициналық куәландыру картасы (075-У нысаны).
- 3×4 см фотосурет — 4 дана.
- Соттылығының жоқтығы туралы анықтама (кәмелетке толғандар үшін).
Тұру
Білім алушылар жатақханада (казармалық тұрғын үй қоры), бөлмеде 3–4 адамнан тұрады.
Қабылдау комиссиясы: +7 7212 56-93-92, +7 7212 56-09-88.