📍 Қарағанды, Ғ. Мұстафин к-сі, 10 📞 +7 7212 56-93-92
Әскери колледж

Колледж туралы

Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі — қазіргі Әскери колледж — аты аңызға айналған қазақ ұшқышы, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің есімін иеленген.

Құрылу тарихы

Колледж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1984 жылғы 27 маусымдағы №278-20 шешімімен, оқушылардың орыс тілін тереңдетіп оқытатын және әскери-дене шынықтыру дайындығы күшейтілген Қарағанды республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты ретінде құрылды. Мақсаты — жастарды әскери мамандыққа бағдарлау және әскери оқу орындарына түсуге дайындау.

Миссия

Бүгінде білім алушылар аты аңызға айналған батырлар мен Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің дәстүрін жалғастырады. Колледж кадеттердің бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырады.

«Даярланған және ынталандырылған сержанттар мен офицерлерсіз мықты Қарулы Күштер құру мүмкін емес».

— Қ.-Ж. К. Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті